Діни кітаптарда екпеге қарсы ештеңе жазылмаған – Алмасбек Шағырбай

Бұл туралы «Вакцинация мәселесіне теологиялық көзқарастың маңыздылығы туралы» онлайн баспасөз-конференциясында айтылды, деп жазды  Caravan.kz порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

ҚР БҒМ ғылым комитетінің философия, саясаттану және дінтану институтының жетекші ғылыми қызметкері Алмасбек Шағырбайдың айтуынша, біз екпеден бас тартқандардың барлығын діни себептерге байланысты деп бір категорияға жатқызамыз. Ол мүлдем дұрыс емес.

COVID-19 екпесіне қарсы белгілі бір топ өкілдері қарсы болуы мүмкін. Бірақ өз тәжірибемде діни ұстанымына байланысты екпеден бас тартқандарды сирек кездестірдім. Сол себепті әр адамның нақты себебіне үңілген жөн. Мәселен, ғылыми тұрғыдан қарасақ, аллергиясы болуы мүмкін және т.б себептермен вакцианадан бас тартады, - деді ол.

Сонымен қатар ол еліміздегі таралған вакциналардың Қазақстан Діни басқарма тарапынан және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен толықтай мақұлданғанын мәлімдеді.

Ең алдымен Денсаулық сақтау министрлігінің қаулысы бар одан кейін еліміздің мұсылмандар Діни басқармасының зерттеуі мен пікірлеріне сүйенеміз. Денсаулықты сақтау әрбір азаматқа - міндет. Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы «Sputnik V» мен «QazVac» және елімізге келген басқа да екпелерге өз рұқсатын берген. Онда діни тұрғыда тыйым салынған компоненттердің жоқтығы дәлелденді. Демек шариғатқа қайшы келетін дүниелер жоқ, - деді Алмасбек Шағырбай.


Ол пандемияны аяқтаудың жалғыз жолы вакциана екенідігін айтты.

Пандемия бір жарым жылға созылып келеді. Індет әлі де өршіп тұр. Бүгінге дейін адамзат індеттің алдын алу үшін түрлі амалдар ойластырды. Бізде әртүрлі дәрі-дәрмекті тұтындық, оның ішінде саумалды да іздедік. Бұл жердегі негізгі мағына – адам өмірін сақтау. Меніңше антиваксерлермен күресу үшін оларды жеке-жеке топтарға бөліп, не үшін екпеге қарсы екенін анықтау керек. Одан кейін олармен жұмыс істеу оңай тиеді, -деді Алмасбек Шағырбай.