Діни мамандарды даярлау ерекше назарға алынып отыр

Кадрларды даярлау мәселесіне тоқталған ол, «егер кадрлар білікті болса, олар жамағатқа дұрыс бағыт береді. Біз осыған байланысты діни мамандарды даярлау керектігін айрықша белгілеп отырмыз. Енді жыл сайын 50 студентті Ливия, Мысыр, Түркия мемлекеттерінде оқытып, тиісті қолдау көрсетіп, кейіннен оларды Діни басқармаға маман ретінде тартуды көздеп отырмыз»,-деді.

Б. Мырзаевтың сөзіне қарағанда, шетелде тәлім алып келген ел азаматтары мешіттерде жұмысқа орналасады. «Нәтижесінде мешітке келген жамағатқа олар дұрыс діни бағытты көрсетіп, жөн сілтеуге қауқарлы болады деп ойлаймыз»,-деді ол.
Атқарушы директор қазіргі кезде бірқатар студенттер шетелге білімін шыңдау үшін жіберілгенін жеткізді.
Аталған қор сонымен бірге еліміздің аумағында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында тіркелген 2 мыңнан астам мешіттерде қызмет атқарып жатқан имамдардың біліктілігін арттыру мақсатында оларды қажетті кітаптармен қамтамасыз етеді.