Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Oinet.kz - ке сілтеме жасап хабарлайды.
- Пенденің пендешілігіне мен жауап бере алмаймын ғой. Биыл да, көктемде Балғынбекке айттым "Е, айналайын сен қазір бабыңда жүргенде айтысқа қатыссайшы" - дедім. Ол "Жоқ мен айтысты қойдым. Жасым кеп қалды" - деді. Мен түсінбеймін осындай жасым кеп қалды деп, жаңа қой ісегінде қартаяды дейді ме? Кешегі үлкен адамдар, Жамбылдар шамасы келмей қалғанша өлеңін айтып, жырын жырлап айтыстың ортасында жүрді ғой. Бұлар басқа бір пайдаларды көрді. Бұларды кішкене уақытында діни секталар қарамағына алып кетті ғой. Соғым берді, үй берді, ақша берді, сөйтіп теріс жолға салып жіберді. Содан әлі шыға алмай жатыр деп ойлаймын. Әйтпесе, Балғынбек жарқырап айтыста жүрмей ме!? Халыққа абыройы бар. Айтысты басқарғысы, жүргізгісі бар болса мен-ақ орнымды берейін. Бірақ, көрінген әлем-жәлем бірдеңелермен ұпай жинаймын деп, халыққа сүйкімді боламын деу жәй ғана пендешілік қой деп ойлаймын - дейді Жүрсін Ерман.