Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы өмірден өтті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қаралы хабарды Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек жеткізді.

"Жатқан жеріңіз жайлы, топырағыңыз торқа болсын, Рауза апа! Айтқан сөзіңіз, тілегіңіз жүрегімде, Мұрат Тәжімұратұлы ағамыз екеуіңіз әрдайым жүрегімде боласыздар!" - деді ол.

Айта кетейік, Рауза Ахметқызы 1956 жылы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдаған. Қазақ КСР Молекулалық биология және биохимия институтының директоры қызметін атқарған.

1956-2016 жылдары Қазақстан Ғылым академиясында еңбек етті. Ол - ғылым докторы, профессор.