”Діннің артына тығылып талай қылмыскер жүр-ау” - Гүлмира Әбіқай

Бұл туралы ол Threads желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Арабияда кісі қолынан қаза тапқан апалы-сіңілінің денесін алуға туыстары Дубайға ұшып кетті.
Күдікті осы жігіт деп жазуда марқұмның жақындары. Бұл жігіт елде жүргенде талай қызды қорлағаны туралы ақпарат тарады. Діннің артына тығылып талай қылмыскер жүр-ау.
Бір үйден қос ботасынан айырылып ата-анасы аңырап қалды-ау. Қайырлы болсын, қандай қиын, сабыр берсін”, - деп жазды журналист.

Еске сала кетейік, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі осы жағдайға қатысты ресми түсініктеме берді.

"Қазақстан Республикасының Дубай қаласындағы Бас консулдығы қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетуде, оның ішінде тиісті құжаттарды рәсімдеуге және Қазақстан азаматтарының қаза болу мән-жайларына қатысты Әмірліктердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл жасауға жәрдемдесіп жатыр", - делінген хабарламада.