"Дінсіз кетті бір ағам, дінсіз кетті": Желіде Серік Қалиевті көлік қаққан сәтіндегі видео тарады

 Видео әлеуметтік желіде тарады, деп жазды Caravan.kz медиа порталы. 

Ақын 61 жасында бақилық болды. 

"Бүгін Қазақ елінің ақыны, керемет тұлға, асыл ағам Серік Қалиев бақилық болды. Аллаһ рахымына алсын, Сізді аға-ау!

30 күн оразасын ұстап, шәууаль айының 6 күндік оразасын түгендеп, Құптан намазына баражатқан жерінде жолда көлік қағып кетті ағамызды. Бәріміз Аллаһтанбыз және Оған қайтушымыз. Аллаһ қаласа қасиетті жұма күні, жұма намазынан кейін жаназасы оқылса керек. Айналайын Серік ағам, Аллаһ сізді жарылқасын! Біліп істеген, білмей істеген күнәларыңызды кешіріп, Жәннаттың төріне кіргізгей! Аллаһ тағала Сізді қабір азабынан сақтап, Пайғамбардың шапағатын берсін!!! Әмин! Біз де бір күні Сіздің артыңыздан барамыз", деп жазды журналист Ардақ Байғабыл. 


Айта кетейік, "Дінсіз кетті бір ағам, дінсіз кетті" деп өлең оқып, әрбір мұсылман үшін, жанұшыратын ағамыздың артында қалған өсиеті көп. 

Loading...