«Диплом алып беремін» деп танысынан 1,3 млн теңге алған алаяқ қолға түсті

Бұл туралы Polisia.kz жазды деп хабарлады Caravan.kz медиа-порталы.

Сауран аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғанын айтып шағымданды.

Сырттай таныс әйел ұлыңа диплом алып беремін деп, қызметі үшін жәбірленушіден ақша алған.


Аталған факті ҚР ҚК 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алынды.