Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
"Дипломмен ауылға" бағдарламасы 2025 жылы 2,8 мың жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Экономика министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше 2025-2027 жылдары "Дипломмен ауылға" бағдарламасы ауылдық аумақтарды білікті кадрлармен қамтамасыз етуді жалғастырады.
"AMANAT" партиясының 2003-2007 жылдарға арналған "Халықпен бірге" сайлауалды бағдарламасының Жол картасын орындау шеңберінде ауылдық жерге жіберілетін мамандарға бюджеттік кредит беруге 2025 жылы 25 млрд теңге қарастырылған", - деп жазылған хабарламада.
Ведомство бұл қаржы шамамен 2,8 мың маманды тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.