Ауыл клубының директоры лауазына үмітті 53 жастағы азамат ұсынған диплом Ұзынсу ауылдық округының әкімінің күдігін туғызған. Ол Ертіс аудандық ІІБ полиция инспекторына жүгінген.
Арнайы жіберілген сұратуға ЖОО-нан жауап келген. Онда сезікті аталған оқу орнында білім алмаған болып шыққан.
Аталған іс бойынша, ҚР ҚК 325-бабы 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.