"Директорлыққа тек оңтүстік өңірде талас, себебі қосымша табысы бар": Аятжан Ахметжан оңтүстіктегі мектептердің былығын әшкереледі

Ол директорлыққа тек аталған өңірде талас болатынын, қалған облыстарда директорлыққа адам таппай жатқанын ашып айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Ол бұл туралы Qazqa Jol подкастында айтып берді.

"Сен директор, орынбасарсың ба? Таңертең жеті жарымнан кешкі жеті жарымға дейін жүресің. Бізге директорлық орынға талас, тек қана оңтүстік өңірлерде ғана. Өйткені, белгілі бір деңгейде қосымша табысы бар ғой... Өкінішке орай... Мысалы, былтырғы жылдың ақпаратында Атырау облысында 50 директордың, 200-ге жуық орынбасардың орны бос тұрды. Солтүстік Қазақстанда да солай болды. Қостанай облысында да директор таппай отырған қаншама жағдайлар болды. Бұл жерде мәселе, директордың жауапкершілігі ауыр, ал жалақысы аз. Сосын жұрт қашады, сөйтіп сауатсыз адамдар директор бола бастайды. Тек сабақ беруден қашатын адамдар директор болады сосын", - деді ол.