Диярбақырда болған жарылыстан 1 адам көз жұмды

Түркияның Диярбақыр қаласының Йенішехир ауданында жарылыс болды. Салдарынан 1 адам қаза тауып, тағы 3-еуі жараланды. Бұл туралы Haber7.com хабарлайды. Оқиға кеше жергілікті уақыт бойынша сағат 19:00-де (Астана уақыты бойынша 23:00) болған. Жаралылар Дижле университеті Медицина факультетінің ауруханасына жеткізілді. Әзірге аудандағы үйде болған жарылыстың себебі белгісіз. Жойқын жарылыстан жақын маңдағы үйлердің де терезелері қираған. Оқиғаның себеп-салдары анықтау үшін полиция қызметкерлері жұмылдырылды.