Диярбақырда лаңкестер полиция базасына шабуыл жасады

Түркияның Диярбақыр провинциясында жарылыс болып, бір адам қаза тапты. Тағы 25-і жараланған. Арасында бейбіт тұрғындар бар көрінеді. Бұл туралы «Анадолы» агенттігі хабарлады. Соңғы мәліметтерге қарағанда жарылғыш зат полиция базасына жақын маңайдағы көлікке жасырылған. Жергілікті арналар қастандық әрекетті «Күрдістан жұмысшылар партиясының» содырлары ұйымдастырғанын хабарлауда.