ДХР билігі Украинаның гуманитарлық көмегінен бас тартады

«Гуманитарлық апатқа қарамастан, Донецк халық республикасының билігі Украинаның гуманитарлық көмегін қабылдамайды. Халықаралық Қызыл крест ұйымының атын жамылса да бізге ол көмектің қажеті жоқ», - делінген ДХР үкіметінің ресми сайтындағы мәлімдемеде.

Мәлімдемеге сүйенсек, Донецкіде «гуманитарлық көмекті қабылдап, тарататын жаңа жүйе іске қосылған».