Дмитрий Медведев: "АҚШ-та билік басына басқа президент келген бойда Ресейге қатысты санкциялар аяқталады"

"Ол ешқандай нәтиже бермейді. АҚШ әкімшілігі ауысқанда, яғни Обаманың орнына басқа президент келген кезде, бұл санкциялар ұмыт болады. Одан ешкім ештеңе ұтпайды", деді Д.Медведев Bloomberg TV берген сұхбатында.

Д.Медведев еске салып өткендей, АҚШ пен Кеңес Одағы арасындағы қатынастар аса қиын болған кездің өзінде, Кәріб дағдарысы кезінде, Ауғанстанға әскер енгізу туралы шешім қабылданған кездерде бәрібір парламентшілерге қатысты санкциялар енгізілген жоқ, жоғары саяси деңгейдегі қарым-қатынастар сақталды.

"Ал осы санкциялық шешімдерімен біздің әріптестеріміз- америкалықтар, еуропалықтар халықаралық қатынастардың түпкі өзегін құртып отыр. Олар не, бізді қорқыта ма?", - деді премьер.