Дмитрий Медведев Кәрім Мәсімовті ҚР Премьер-Министрі болып тағайындалуымен құттықтады

 Бұл туралы РИА Новости Ресей министрлер кабинетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

 Медведов пен Мәсімовтің арасындағы телефон арқылы  әңгімелесу бейсенбі күні болды.

 «Дмитрий Медведев пен Кәрім Мәсімов  өзара қызығушылық танытатын мәселелерді талқылау үшін ұдайы  үкіметтік деңгейде  байланысып тұруға келісті»,-делінген хабарламада.