Осы қалалардан кейін Д. Медведевтің бағыты Астана арқылы өтетінін ескерсек, ол "Газпром" жобасы болып табылатын Каспий маңы газ құбырымен бәсекелес Транскаспий газ құбырының болу-болмауын шешетін астаналардың барлығына барады. Бұл Ресей сарапшыларының пайымдауынша, "Газпромның" бұрынғы директорлар кеңесінің төрағасы жағдайды өз орындарында шешуді көздеп отырғанының айқын дәлелі екендігін білдіреді.