Д.Назарбаева Қытайдың ЖОО-лары негізінде Абай институттарын құруды ұсынды

«Қазақстандағы жетекші жоғары оқу орындарының негізіндегі төрт Конфуций институты екі ел арасында сенімді қарым-қатынастарды қалыптастыру және сіздердің елдеріңіз туралы білім көкжиегін арттыру үшін көп істер атқаруда. Келесі жылы біздің елімізде айтулы дата - қазақтың ұлы ойшылы, философы және ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 170 жыл толу мерейтойы атап өтілмек. Бейжіңде ұлы ақынға арналған ескерткіш орнатылған. Енді біз ҚХР-дағы жетекші жоғары оқу орындарының базасында Абай институттарының құрылса, қуанар едік», - деді қазақстандық делегация басшысы.

Өз кезегінде Қытайдағы білім саласының жай-жапсарына тоқталған Юань Гуйжэнь ҚХР Ұлттар университетінде қазақ тілі кафедрасы жұмыс жасайтынын, оның қазіргі кезде Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрлерін зерттеп-зерделеуде маңызды рөл атқарып отырғанын атап өтті.

Айта кетейік, бұл кездесуге мәжілісмендер Гүлнар Ықсанова, Гүлмира Исімбаева, Надежда Петухова, Алдан Смайыл, Светлана Ферхо, сондай-ақ Қазақстанның ҚХР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрлан Ермекбаев бастаған қазақстандық дипломаттар қатысты.