Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, республикадағы ұлттық-мәдени орталықтардың жетекшілерімен кездесу барысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "қазақстандық деген ұлт қалыптастыру" идеясын ортаға салған болатын.
Д.Назарбаева бұл идеяны қолдайтынын білдірді. "Көп ұлтты мемлекетте бұл мәселе осындай жолмен шешілсе, нұр үстіне нұр болар еді",- деді ол. Осы орайда ол өз сөзіне : "адамдар түрлі ұлттарға бөлініп қана қоймай, қазақтардың өзі қазіргідей үй ішінен үй тігіп, түрлі ағымдар мен бағыттарға бөлініп бір-бірінен алшақтамаса тіптен жақсы болар еді", -деп қосты.