Д.Назарбаеваның пайымдауынша, Қазақстандық журналистер үлкен белсенділікпен билікке ұмтылуы тиіс

Д.Назарбаеваның пайымдауынша, "журналистер парламентте де, үкімете де, мәслихататрда да мейлінше белсенділік танытуы тиіс". "Қоғамдағы элитаның тең жартысы бұрынғы журналистер" болып табылатын АҚШ-ты мысалға келтірген Д.Назарбаева "бұл дүниежүзінде қалыптасқан тәжірибе" деді. "Журналистер- қоғамның ең маңдай алды, білімді де білікті, адал әрі сезімтал бөлігі, адамдар әділеттілік іздеп соларға жүгінеді",- дейді Д.Назарбаева.

Ол егер алдағы сайлауда журналистер парламенттегі орындарға ие болып жатса, "нұр үстіне нұр" болар еді дегенді баса айтты. "Екі немесе үш жыл бойы "Жарнама туралы" заң жобасын жасау барысында біз осындай тұжырымға келдік". Қазақстан журналистерінің конгрессі төрайымының айтуынша, "біздің мүддемізді парламентте ешкім қорғаған жоқ, бізді тыңдауға ешкім де құлық танытпады. Бізге көргенсіздіктер айтып, бейбастақтық танытып, бізді ысқырықпен қарсы алған жайттар да кездесті",- деді Д.Назарбаева. Оның айтуынша, "депутаттармен болған осындай кездесуге өзі де қатысқан". "БАҚ туралы" заң жобасын талқылау барысында да "алдымыздан кесіп өтуге келмейтін тас қамалға тап болдық". "Парламентте біз үшін дауыс беріп, қол көтеретін бір жан шықпады". "Сол себепті намысты қолдан бермеуге бел байлаған біз болашақ жаңа парламентте өзіміздің сөзімізді сөйлеп, біз үшін қуатты лобби жасайтын өкілдеріміз болуы тиіс деп түйдік",- деді Д.Назарбаева.