"Днепр" зымыран-тасығышы ұшырылған орнынан 150 шақырым жерден табылды



Бәсекеев, зымыранның Жаңақала ауданынан анықталғанын айтады. Ғарыш аппараты табылған орын қоршауға алынды. Қызылордадан үкіметтік комиссия мүшелері мен "Байқоңыр" Федералды ғарыш орталығының мамандары осында ұшып кетті, дейді ол.

Осыған дейін хабарланғандай, 27 шілде күні 1 сағат 43 минутта "Байқоңыр" ғарыш айлағынан бірнеше ғарыш аппаратымен "Днепр" РС-20 зымыран-тасығышы ұшырылды. Әуеге көтерілген 73 секундында зымыран жерге құлады. "Роскосмос" ғарыш орталығының алдын ала ақпаратына қарағанда, оқыс оқиға бірінші баспалдақтағы двигателі межеленген 10 секундта іске қосылмай, штаттан тыс жағдай қалыптасқан, салдарынан екінші баспалдақтағы двигателі іске қосылмады.