Кеше өткен отырыс барысында комиссия төрағасы, білім және ғылым министрінің орынбасары Азамат Әбдімомынов атқарылған жұмыстар туралы ақпар берді. Атап айтсақ, 29-шілдеде комиссия Астанаға апат орнынан алынған топырақ пен су сынамаларын жеткізіп, олар ҚР білім және ғылым министрлігінің үш ғылыми зертханасына, атап айтсақ, "Инфракос-Экос" еншілес мемлекеттік кәсіпорнының зертханасына, Степногорск қаласындағы "Биомедпрепарат-инжиниринг орталығы" еншілес мемлекеттік кәсіпорнының мониторинг жөніндегі зертханасына және Қазақ Ұлттық университетінің физика-химиялық зерттеу әдістері орталығына жолданды.
"Комиссияның мәліметтері бойынша зерттеулер нәтижесі 2-тамызда белгілі болады",- делінген хабарламада.
Сонымен бірге бүгін комиссия төрағасы Азамат Әбдімомынов пен штаб бастығы - ҚР төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Болатбек Қуандықов бүгін баспасөз мәслихатын өткізбекші.