Есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша АҚШ-та мереке күні (Маритин Лютер Кинг күні) болғандықтан, сауда-саттық жүргізілмейді. 2016 жылдың 18 қаңтарында USDKZT_TOM және EURUSD_TOM қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады.
Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 17 мүшесі қатысты.
Есептесуі T+1 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 372,58 теңгені, ал сауда-саттық көлемі - 81 400 мың АҚШ долларын құрады.
Есептесуі T+0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.
Есептесуі T+0 теңгемен қытай юаннің орташа сараланған бағамы бір юаньға 56,8700 теңгені құрады (+2,2250 тенге), сауда-саттық көлемі - 500 мың юань (+300 мың юань) болды.
Осы хабарламада трендтердің барлығы тиісті қаржы құралының алдыңғы жұмыс күндегі соңғы мәнімен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.