Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
2 маусымдағы таңғы сессияның қорытындысы бойынша ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 402,79 теңгеге тең болды. 1 маусымда бұл көрсеткіш 408,56 теңге болатын.
Осылайша Алматыда доллар 404-406 теңге аралығында саудаланып жатыр, ал кейбір жерде 409 теңгеден сатылып жатыр екен.
Нұр-Сұлтанда доллар орташа есеппен 404-408 теңге аралығында сатылып жатыр. Орташа бағам 404,75 теңгеге тең болды.