Доллар бағамы 20 шілдегі саудада сәл төмендеді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 470,28 теңгені құрап, 0,25 теңгеге төмендеді.

Ресей рублінің бағамы 5,99 теңгеге дейін көтерілді (+0,02).

Қытай юанінің бағамы 69,44 теңгені құрап, 0,05 теңгеге өсті.

Айырбастау пункттерінде:

Сонымен қатар, 20 шілдеде әлемдік мұнай бағасы өсті.

Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 90,21 долларды құрап, алдыңғы сауда сессиясымен салыстырғанда 2,4%-ға қымбаттады.

Ал WTI маркалы мұнайдың бағасы 84,24 долларға жетіп, 2,12%-ға өсті.

Еске салайық, таңертең Қазақстан Ұлттық банкі доллар бағамын 469,83 теңге, еуроны 536,83 теңге, Ресей рублін 5,97 теңге деңгейінде белгілеген болатын.

20 шілденің бірінші жартысында Қазақстандағы айырбастау пункттерінде шетел валюталары қандай бағаммен сатылып, сатып алынғаны туралы ақпарат бұған дейін жарияланған.