Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 490,58 теңгені құрап, 1,31 теңгеге төмендеді.
Ресей рублінің бағамы 0,01 теңгеге төмендеп, 6,36 теңге болды.
Қытай юанінің күндізгі саудадағы бағамы 0,35 теңгеге арзандап, 71,05 теңгені құрады.
Айырбастау пункттерінде доллар 490,7–493,2 теңге аралығында сатып алынып, сатылуда. Еуро 583,7–588,4 теңге, ал рубль 6,33–6,45 теңге аралығында саудалануда.
Сонымен қатар, 11 ақпанда әлемдік нарықта мұнай бағасы өсті. Brent маркалы мұнай 0,83 пайызға қымбаттап, барреліне 69,37 долларды құрады. West Texas Intermediate (WTI) маркалы мұнай бағасы 0,88 пайызға өсіп, барреліне 64,52 долларға жетті.
Еске салсақ, таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 491,88 теңге, еуроны – 585,83 теңге, рубльді – 6,36 теңге деңгейінде белгілеген болатын.