Доллар бағамы 11 теңгеге арзандады

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 11,13 теңгеге төмендеп, 446,89 теңгеге тең болды. Айта кетейік, долларының 8 сәуірдегі ресми бағамы - 458,87 теңге.


Kurs.kz
 деректері бойынша, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатып алудың орташа бағамы - 448,56 теңге, сатылым - 452,85 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 448,51 теңгеден сатып алады, 452,70 теңгеден сатады.