Доллар бағамы 425 теңгеден төмендеді

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,23 теңгеге төмендеп, 424,84 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 21-23 мамырдағы ресми бағамы 425,02 теңге болған еді.


Kurs.kz
 деректері бойынша, қазір Алматының айырбас пункттерінде доллардың орташа бағамы - 424,80 теңге, сатылымда - 429,08 теңге. Нұр-Cұлтандағы айырбас пункттерінде долларды орта есеппен 424,18 теңгеден сатып алып, 427,16 теңгеден сатып жатыр.