Доллар бағамы 495 теңгеге жетті

Қазақстан қор биржасында (KASE) 15:00-дегі жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы бірден 28,34 теңгеге дейін көтеріліп, 495 теңгеге жетті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 73,97 теңге (-0,09) болды.

Басқа валюталар саудаланған жоқ.


Ақша айырбастау пунктерінің көбі валютаны әлі де сатып, сатып алып жатқан жоқ.

Жұмыс істеп тұрған айырбастау пунктерінде доллар 490-496 теңгеге, еуро 535-557 теңгеге. рубль – 4,5-6,0 теңге сатып алынып/сатылып жатыр.