Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 12 қаңтар кешімен салыстырғанда 1,28 теңгеге құлдырап, 1 доллар үшін 419,03 теңгені құраған.
Ұлттық банктің 13 қаңтардағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 420,03 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 420,31 теңге сатылса, ал сатып алу - 418,75 теңге.
Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 420,45 теңгеге сатылып жатыр, сатып алу - 419,31 теңге.