Доллар бағамы көтерілді

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Күндізгі сауданың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,34 теңгеге көтеріліп, 429,57 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 16 мамырдағы ресми бағамы 427,84 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу - 430,42 теңге, сату - 434,86 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 431,41 теңгеден сатып алынып, 434,04 теңгеден сатылып жатыр.