Доллар бағамы өсті

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 5,79 теңгеге көтеріліп, 454,11 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 22 маусымдағы ресми бағамы - 447,93 теңге.


Kurs.kz
 мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу - 453,37 теңге, сату - 458,27 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 452,76 теңгеден сатып алынып, 455,2 теңгеден сатылып жатыр.