Доллар бағамы тағы арзандады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 26 сәуірдің кешімен салыстырғанда 0,60 теңгеге құлдырап, 1 доллар үшін 429,34 теңге болды.

Ұлттық банктің 27 сәуірдегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 429, 85 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 430,32 теңге, сатып алу – 428,81 теңге.


Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 429,07 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 430,13 теңге.