Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 2,46 теңгеге төмендеп, 473,99 теңгеге тең болды. Айта кетейік, доллардың 20-22 тамыздағы ресми бағамы - 476,43 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы - 474,90 теңге, сату - 479,05 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 473,10 теңгеден сатып алынып, 477,21 теңгеден сатылып жатыр.