Доллар қайта көтерілді

Осылайша бір АҚШ доллары қазір айырбастау орындарында 342 теңгеден сатылып жатыр. Елімізде дәл осы көрсеткіш 18 желтоқсан күні тіркелген болатын. Яғни АҚШ Федералды резерв жүйесі пайыздық мөлшерлемені өзгерткеннен кейін долларда өсім байқалған. Алайда бұл шетел валютасының ең шарықтау шегі емес. Желтоқсанның 21-де доллардың антирекорд орнатып, 351 теңгеге дейін жеткені белгілі. Бірақ өткен аптада оның сатылу бағасы 329-ға дейін түскен еді. Енді қайта көтеріліп жатыр.

Loading...