Доллар тағы да қымбаттап, антирекорд орнатты

Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 362,62 (+5,74 теңге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі - 82 900 (+32 500 мың USD) мың АҚШ долларын құрады.

Есептесуі T+0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі T+0 теңгемен қытай юані бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сауда-саттық жабылар сәтте бір юаньға сұраным 55,6600 теңгені құрады, ұсыным  - бір юаньға 55,670 теңге болды.

Осы хабарламада трендтердің барлығы тиісті қаржы құралының алдыңғы жұмыс күндегі соңғы мәнімен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.