KASE-тегі бағамға көз алмай қарап отырған ақша алмастыру орындары маңдайшаларын өзгертіп те үлгерген. Түске дейін доллар 282 теңге болса, түс ауа тағы 2 теңгеге қымбаттап кетті. Сарапшылар АҚШ ақшасының құны әлі де арта түседі деп отыр. Олардың ойынша, кемі 300-ге баруы мүмкін. Төрағасы күні кеше ауысқан Ұлттық банк бұған қатысты әзірге ешқандай пікір білдірген жоқ.
Loading...