Доллар тағы тоқтаусыз өсіп жатыр

Ұлттық Банкке Данияр Ақышев келгелі доллар 81 теңгеге қымбаттаған екен. Мәселен, қарашада қызметіне кіріскен Ақышевтің алғашқы жұмыс аптасында Америка ақшасы 307 теңгеге жетіп, келесі күні 322-ге бір-ақ секірген. Ал желтоқсанда көк қағаз қайта тез өсіп 350-ден сатылды. Қаңтар айында арыны сәл басылып курс төмендегенімен ол ұзаққа созылған жоқ. Бүгін енді қайтадан 370-ке көтеріліп отыр. Теңгенің құнсыздануына осымен 7-ші тәулік қатарынан әлемдік нарықтағы мұнай бағасының еселеп арзандауы себеп. Қара алтын құны да соңғы 12 жылда болмаған межеге түсіп, баррелі 31 доллардан саудалануда. Жаһанда геосаяси жағдайдың ушығып тұрғанын ескерсек, мұнайдың әлі де 20 долларға дейін түсуі ықтимал.

Loading...