"Доллар жоқ, бәрі сатылып кетті": Алматы мен Нұр-Сұлтандағы айырбастау пунктеріндегі қазіргі жағдай

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Stan.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллар бағамының қарқынды өсуіне байланысты АҚШ валютасын сату тоқтатылды. Айырбастау пунктері нақты бір бағамды ұсына алмай отыр.

Бағаның шарықтап тұрғанына қарамастан айырбастау пункттеріне келушілер саны толастамай тұр.


Кейбір жерлерде доллардың жоқтығын, жаңа банкноттарды әлі алмағанын айтып жатыр.

Айырбастау пунктерінің бірі долларды сату бағамын ғана көрсетсе, енді бірі тіпті жабық тұр.