Бұдан бұрын 80 рубльден жоғары доллар бағамы 1998 жылғы деномниациялау уақытынан бері 80,1 рубль көрсеткіші тіркелген 2014 жылғы 16 желтоқсанда көтерілген.
Рубльдің құнсыздануы мұнайға әлемдік бағаның түсуінен орын алуда. ICE биржасында бүгінгі сауда-саттық барысында 2016 жылғы наурыздағы жеткізумен Brent маркалы мұнайға фьючерс құны 27,29 долларға дейін түсті.
Өткенде Халықаралық энергетикалық агенттік сарапшылары жұмсақ қыс салдарынан 2016 жылы мұнайға сұраныс күтілгеннен төмен деңгейде артатыны хабарланған, сонымен бірге оның өндірілуі арта береді. Бұл мұнай нарығындағы сұраныс пен ұсыныс деңгейін теңгерімдеуге мүмкіндік бермейді.
12:15-те (мск) ICE биржасында Brent наурыздық фьючерстер құны барреліне $27,84 құрады, ал Мәскеулік биржада доллар құны - 79,97 рубль, еуро бағамы - 87,55 руб.
2016 жылғы 20 қаңтардан бастап доллардың ресми бағамы РФ ОБ 78,4862 руб. деңгейінде, еуроның ресми бағамы - 85,2988 рубль деп белгіленді.
«Бигмак индексіне» сәйкес ресей рубль бағамы шамамен 70%-ға төмендеді. The Economist сарапшыларының есебінше, доллар үшін қазір тек 23,12 рубль беруі тиіс.