Доллардың қымбаттауынан бюджет уақытында бекітілмеуі мүмкін

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

-Қазір бюджетті талқылап жатырмыз. Валюта курсын да қарап отырмыз. Ол қандай болады? Соны сараптап жатырмыз.

2016-2018 жылдарға арналған бюджет теңгенің тұрақсыздығына байланысты бекітілмей отыр. Парламент құжатты 1-ші желтоқсанға дейін қабылдауы тиіс. Ал, доллардың қымбаттауына байланысты кейбір шығындар қайта саналмақ. Сөйтіп, мемлекеттік бағдарлама бойынша жоспарланған шаралардың саны қысқаруы мүмкін. Айта кету керек, алғаш рет бюджет жыл басында да қайта қаралған. Мұнай мен түсті металлдың бағасы түсіп кеткен соң 700 миллиард теңге үнемделген болатын. Жалпы, 3 жылдық бюджет қара алтынның баррелі 40 долардан, ал АҚШ ақшасының бағамы 250 теңге кезінде санаған.

Loading...