Доллардың ресми бағамы айтылды

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,12 теңгеге артып, 444,04 теңгеге тең болды. Айта кетейік, долларының 21 сәуірдегі ресми бағамы - 444,03 теңге.


Kurs.kz
мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатып алудың орташа бағамы - 445,28 теңге, ал сатылымы - 448,73 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 445,34 теңгеден сатып алады, 447,27 теңгеден сатады.