Доллардың тұрақсыздығы көпполярлы қаржылық жүйені дамытудың қажеттілігін айқындай түсті - Назарбаев

Мемлекет басшысы АҚШ долларының айтарлықтай девальвациясы, әсіресе, Қытай, Жапония мен Еуропа елдеріне ауыр тиіп, оның дүниежүзілік резервтік валюта ретіндегі тұғырнамасының шайқалуына алып келгенін атап көрсетті. "Бұл көптеген елдерге жаһандық қаржылық механиздерге жаңаша көзбен қарауға итермелеп, олардың күн тәртібіне көпполярлық қаржылық жүйе жөніндегі мәселені шығарады", - деді ол.

Атап айтқанда, Н. Назарбаев Ресейдің 2020 жылға қарай рубльден өңірлік резервтік валюта жасауды жоспарлап отырғанын атап көрсетті. "Мұндай идеялар араб әлемінде, Латын Америкасында, Оңтүстік Шығыс Азияда да көрініс табуда", - деп атап көрсетті ол.