Доллардың валюта айырбастау орындарындағы сатылу бағасы 323 теңгеден асты

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

20 маусымдағы күндізгі сауданың бірінші келісімі 321,15 теңгемен өтті. Минималдық құны 321,1 теңге  болды, ал максималдық құны 322,49 теңгеге жетті. Сауданың жалпы көлемі 185,55 миллион долларға жетті.

Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 322,4-323,5 теңге аралығында. Астана уақыты бойынша сағат 15.21-де Brent маркалы солтүстіктеңіз мұнай қоспасының құны барреліне 47,06 доллар болды.