Доллардың жаңа бағамы бойынша пара алып жатқан қос полицей ұсталды


 Пара берген адамға қос майор «Е» санатындағы көлік құжатын емтихансыз  жасап бермек болған. Бұл қызметін олар алғашында 75 мың теңгеге, яғни ескі курс бойынша 500 долларға бағалапты. Алайда, аяқасты болған девальвациядан кейін тәртіп сақшылары параны да жаңа бағаммен әкелуді талап еткен. Кейін 92 мыңды санап алып жатқанда қолға түсті.