Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстанда домбыра және тағы басқа музыкалық аспаптарды ұшақпен тасымалдау тәртібі бекітіледі. Бұл туралы көлік вице-министрі Талғат Ластаев мәлімдеді.
Бұған дейін әлеуметтік желіде домбыраны тасымалдау кезінде даулы жағдайлар болған. Оны әлеуметтік желіде кеңінен талқылады.
"Дәл осы жағдай бойынша азаматтық авиация комитетіне тапсырма берілді. Музыкалық аспаптарды, соның ішінде домбыраны тасымалдауды заңды түрде реттеу керек. Жақын арада біз жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережесіне тиісті өзгеріс енгіземіз деп ойлаймын. Меніңше, бір айдың ішінде шешім қабылданады", - деді Ластаев сенаттағы брифингте.
Оның айтуынша, ережеде музыкалық аспаптың салмағы мен көлеміне қарай нақты тәртіп болады. Әуе компаниясына алдын ала хабарлау міндеті де енгізілуі мүмкін.