ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға Дон кен байыту комбинатының "Қазақстан Республикасына 10 жыл" атты шахтасында болған. 17-тамызда шахта салу цехының жұмысшысы №2 кен айдауышқа 80 метрлік биіктіктен 140 метрлік белгісіне дейін құлап, жарақат салдарынан жан тапсырды.