Caravan Logo

Дональд Трамп мемлекеттік хатшы қызметіне мұсылманды тағайындамақшы

Дональд Трамп мемлекеттік хатшы қызметіне мұсылманды тағайындамақшы

Бұл туралы Baq.kz жазады.
 
Басылымның хабарлауынша, аталмыш лауазымға үміткер ретінде Трамп ауғанстандық Залмай Халилзаданы жөн көріп отырғанға ұқсайды. Бұған дейін БҰҰ-да АҚШ-тың тұрақты өкілі қызметін атқарған Халилзада да республикалық партия мүшесі болып табылады.

Президенттікке қолы жеткен Трамп енді өз маңайына жақтастарын жинауға кіріскен. New York Times газеті оның қорғаныс министрі, АҚШ ұлттық барлау қызметі директоры, сондай-ақ бірқатар министрліктер басшыларын іріктеп жатқанын жазады.