Дондағы Ростовта бильярдтың «Еркін пирамида» түрінен Еуропа чемпионаты өтіп жатыр


16 мамырда басталған бұл дүбірлі додаға Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Молдова, Ресей, Украина және Финляндиядан 76 спортшы қатысуда. Онда ел намысын қазақстандық бильярдшылар арасынан алматылық Қаныбек Сағындықов қорғаған болатын. Ол 1-айналымда Ресейдің Брянск қаласынан келген Карен Осиповқа 5:3 есебімен, одан кейін Украинаның Донецк қаласының тастаяқшысы Павел Родиновқа 1:5 есебімен есе жіберіп, 71 орынды қанағат тұтты. Қазір онда чемпионатың 1/32 кезеңдік сайыстары өтіп жатыр. 1/16, 1/8, 1/4 және жартылай сынның жеңімпазы.