Донецк халық республикасы билігі Порошенконың мәлімдемесіне сенбейді

«Біз Порошенконың соғыс қимылдарын тоқтату туралы не айтқанын білмейміз. Оның әскерді елден әкетуі екіталай, оған күмәніміз бар. Түнде Славянскіде «Град» қаруынан оқ жауды, қазір Краматорскіде атыс болып жатыр», - деді ДХР бірінші вице-премьері Андрей Пургин.

Оның айтуынша, Донецкіде еріктілерді мобилизациялау жалғасып жатыр.