және жергілікті жасақтардың қолында биікте ұшатын лайнерді атып түсіретіндей қару жоқ деп мәлімдеді.
«Қазір біз оқиғаның анық-қанығын тексеріп жатырмыз. Ол туралы журналистерден естіп-білдік», - деп мәлімдеді ДХР бірінші вице-премьері Андрей Пургин.
«Алайда, жергілікті жасақтардың қолында 10 шақырым биіктікте ұшатын ұшақтарды атып түсіретін қару жоқ деп мәлімдегім келеді», - деп атап өтті А.Пургин.
«Біздегі зымыран кешендері 5 шақырымнан алысқа ұшпайды», - деді ол.
Ал, Украина билігі мәселені тексерместен ұшақты елдің шығысындағы жасақтар атып түсірді деп мәлімдеп үлгерді.